1 қыркүйек – Білім күні!

Баспасөз конференциясы: «Адал азамат» – отбасы, мектеп және қоғам үндестігіне негізделген жаңартылған тәрбие бағдарламасы

Басты бет > Блог >Баспасөз конференциясы: «Адал азамат» – отбасы, мектеп және қоғам үндестігіне негізделген жаңартылған тәрбие бағдарламасы

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-нің ұйымдастыруымен баспасөз конференциясы өтті.

Тақырыбы: «Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы.

Мақсаты: Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі түрде ұйымдастырылады.

Спикерлер:

  • ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы;

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы.

Баспасөз конференциясы барысында 2025-2026 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүргізілетіні айтылды. Бағдарлама Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатымен үндестірілген.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен ресми түрде жаңа атауы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтарды тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға сүйене отырып, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады.

Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болып табылады. Бұл қадам тәрбие жұмысының ел көлемінде бірыңғай стандарт бойынша жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барлық мектептер үшін бірыңғай визуалды стандарт – брендбук әзірленді. Мектептердің ішкі және сыртқы келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін ортаға айналады.

«Адал азамат» бағдарламасы – еліміздің барлық мектептерінде біртұтас тәрбиелік орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

#АдалАзаматБіртұтасТәрбие