14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі. 15 наурыз - Қайырымдылық күні. 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз - "Шаңырақ күні". 18 наурыз - Ұлттық киімдер күні. 19 наурыз - Жаңару күні. 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. 21 наурызды - Ынтымақ күні. 22 наурыз - Жыл басы. 23 наурыз - Тазару күні.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ "БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ

14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды. 15 наурыз - Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз. 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр. 17 наурыз - "Шаңырақ күні". Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. 18 наурыз - Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр. 19 наурыз - Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. 21 наурызды - Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты - жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. 22 наурыз - Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 14-23 наурыз аралығында "Наурыз-базарлық" маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өтеді. 23 наурыз - Тазару күні.