14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі. 15 наурыз - Қайырымдылық күні. 16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз - "Шаңырақ күні". 18 наурыз - Ұлттық киімдер күні. 19 наурыз - Жаңару күні. 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. 21 наурызды - Ынтымақ күні. 22 наурыз - Жыл басы. 23 наурыз - Тазару күні.

Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдері

Басты бет > Блог >Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдері

«Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 ақпан күні Сайрам аудандық АӘДБ-не қарасты М.Әуезов атындағы ЖОМ базасында «Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты:
- Кәсіби кеңес берудің тиімді әдіс -тәсілдерімен бөлісу;
- Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру арқылы оқушы тұлғасының дамуымен байланысты екендігін көрсету;
- Оқушыларды өз мүмкіндіктерін бағалай білуге және іске асыра білу дағдыларын қалыптастыру;
- Оқу процесінде кәсіби бағытқа психологиялық тұрғыда дайындау;
Осыған орай, Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ж. Шералиева әр аудан/қаладан АӘДБ-не қарасты мектеп директорының бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, кәсіби бағдар беруші педагогтары, облыстық шығармашылық топ құрамын қатысты.