10 тамыз – Абай күні (ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні). 12 тамыз – Халықаралық жастар күні 16 тамыз (тамыздың үшінші жексенбісі) – Спорт күні. 18 тамыз – Шекарашылар күні. 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл⁠

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Басты бет > Блог >ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысы Білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға тиісті білімі, кәсіби біліктілігі және еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

  • Лауазым атауы: Әдіскер («Инновация және стратегиялық жоспарлау» бөліміне)
  • Лауазым атауы: Әдіскер («Білім мазмұнын талдау және цифровизация» бөліміне)

Жұмыс мерзімі: Тұрақты

Лауазымдық жалақы мөлшері: 180000-200000 (орташа)

Өтініш қабылдау уақыты: 31.07.2026 ж. – 10.08.2026 ж.

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

Құжаттарды төменде көрсетілген мекеменің электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз:

reception@adisnama.edu.kz