15 қараша - Ұлттық валюта күні!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы  2015 жылғы 18  қарашадағы № 410-V-ҚРЗ. 9-бапта көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне терең көңіл аударса, түсіндірме жұмыстар жүйелі, сапалы жүргізілсе, қызметкерлер  жүйелі ақпараттанса, әдеп номаларын ұстанса, адамгершілік құндылықтарын жоғары қояр болса, сыбайлыстық мәселесі де оңтайлы шешілері анық.   Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғамда тамырын терең жайған індет десе де болады. Бұл індеттен айығу үшін оның туындау мәселесін анықтау қажет.Қайсібір іс-әрекетте болсын мәселенің алдын алу, болдырмау, деңгейін төмендету сынды әрекеттерді жасау арқылы, келеңсіз жағдайдың алдын-алу абзал.Бұл ретте мақсатты түрде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру шарт.

                  Әрбір азаматтың ұстанымы жоғары, өзін-өзі ретке келтіре алатын, өзін-өзі басқара алуы маңызды.

Әрбір азаматтың  саналы  түрде сыбайластыққа қарсы тұру қабілеті жоғары болған жағдайда ғана онымен күресуге  мүмкіндігі  жоғары болмақ.

                  Ұжымда мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе  ұжымның мәртебесіне нұқсан келмесі анық.

                   Әрбір қызметкер өз отбасында, әріптестер арасында, жалпы қоғамда  сыбайластықты болдырмайтындай әрекет етсе, онда еліміздің өркендеуіне  қосқан бір үлесіміз болары  айқын.

                  Ұжымдағы іс-шаралар оның ішінде педагогтің кәсіби тұрғыда өсуіне қолдау көрсету, беделін арттыру мақсатта ұйымдастырылған кәсіби байқаулардың мейлінше адал, шынайы, ашық  өтуіне ықпал ете отырып, педагогтің шыңдалуына мүмкіндіктер жасалуда.

                  Атап айтар болсам Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының 2023 жылға арналған жылдық жоспарына сай  қызметкерлер осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, әдеп пен ар ожды алға тартып, ашықтық пен шыншылдықты ұстануда.

                  Байқауға қатысушы педагогтер тарапынан арыз шағым келіспеушілік болмағанын айта кету абзал, оның дәлелі шынайы бағаланған педагогтеріміз облыстық деңгейден республикалық деңгейге өтіп жүлделі орындарды иеленуі. Сонымен қатар «Алтын тұғыр» республикалық пән олимпиадасында облысымыздың бастауыш сынып мұғалімдері республикалық кезеңге өтіп I-орынды иеленді, ал мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен тәрбиеленушілері арасында «Шымырлық пен шеберлік күні» республикалық байқауының облыстық кезеңінде үздік танылып, республикалық кезеңіне өтіп, республикада  бас жүлдені иеленді, «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінен үздік атанып, республикалық кезеңде I-орынды иеленді.

Осындай жетістіктеріміз арқылы, байқаудың ашық, шынайы, адал өткізілгендігі дәлел екендігін айта аламыз.

Кафедра қызметкерлері байқаулар өткізуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында адалдық, ашықтық, жариялылық, әділдік   принциптерін үнемі басшылыққа алады.

Қорыта келе әріптестерімізді қоғамда сыбайластыққа жол бермеуге, мәдениеттілікке, сыпайылыққа, адамгершілік қағидасын жоғары ұстануға, рухани бай болуға шақырамын.

Әділ биі болмаса-бірлігі кеткен ел ғаріп

Қадірін елі білмесе-қайратты туған ер ғаріп демекші сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет.

 

 

Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы

Кафедра меңгерушісі

Кульбаева Гульмира Абдуатовна

 

 

        

 


Документ