2021 жылы 28 сәуірде ОӘО базасында қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинары онлайн режимінде өткізілді. Онлайн семинар аймақ көлемінде әлеуметтік педагогтердің құзыреттілігін дамыту, әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету және тәжірибе алмасу мақсатта ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әлеуметтік педагогтеріне жауапты әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері қатысты, қатысқан аудан: Шардара, Жетісай, Мақтаарал.
Онлайн тәжірибелік семинары барысында ОӘО әдіскері Р.Тойшыбеков тақырыбы мен мақсатын таныстырып, презентация Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу жолдары», баяндама «Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері және олардың алдын алу», тренинг «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын", шебер-сынып «Буллинг-кибербуллинг мектеп қабырғасында» тақырыптарда мәселе талқыланып, пікір аламасу өткізілді. Қорытындылау барысында кері байланыс жасалып, ұсыныстар берілді.