Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламаларда жасалуда. Соның бірі Республикалық «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары және колледж білім алушыларына арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы орталық басшысының идеясы арқылы жүзеге асты.
Мұндағы ХАН – ең көп кітап оқитын адам, кітап оқығыштардың төресі, біріншісі деген мағынаны, @ белгісі, жобаның тек онлайн режимде өтілетінін білдіреді.
Жобаның мазмұны оқитын адам – ойлана алатын адам. Кітап оқу тұлғаның басты факторы болып табылады.
Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, жалпы педагогтердің мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту.
Аптаның әр сәрсенбісінде шығарылып отыратын жобаның бірінші эфирі 2022 жылдың 13 қаңтарында « Facebook !әлеуметтік желісінде бастау алды. Апталық сайыс жеңімпазы айлық сайысқа, айлық сайыстан бірінші орын алған оқушылар жылдық сайысқа жолдама алып отырды. Жылдық кезең, яғни, финалға бес оқушы іріктеліп шықты. Бүгінгі күнге дейін 17 апталық, 5 айлық шығарылым өтті. Финал 24 мамырда «Ақжайық» музыка мектебі базасында өткізілді.
1.Созақ ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әпен Жібек Жазылбекқызы С.Досжанның «Қасірет пен Тағдыр» кітабын;
2. Бәйдібек ауданы, Шаян көпсалалы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Болысбек Аяулым Бексейтқызы Т.Мәмісейіттің "Тектінің кегі" кітабын;
3.Ордабасы ауданы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Тоқташ Гүлдана Маратқызы Дәлелбек Батырдың «Тастандының тағдыры» ;
4.Сауран ауданы, Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Серікбай Назгүл Бағдатқызы Д.Роулиңнің «Хәрри Поттер мен Жасырын бөлме» ;
5.Ордабасы ауданы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Рысбек Ұлназ Нөкербекқызы С.Көбеевтің «Мен оқытушы» кітабының мазмұнын түсіндірді, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, кітап авторларының осы шығарманы жазудағыидеясы мен тақырыбын ашу мақсатында өз дері оқыған шығармаларының өзекті мәселелерімен бөлісті.
«KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысында сарапшы болған әділ қазылар:
1.Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жбб мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Республикалық «Ұстаз тұғыры» педагогика-психологиялық танымдық журналдың директоры - Айгүл Асқарқызы;
2.Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, теология факультетінің декан орынбасары, Phd доктор, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының тең аторы - Төлеген Мұхит Жылқыайдарұлы;
3.«Мазмұндама» қоғамдық қорының бас редакторы – Дәулетбаева Бану Қайшымбековна;
4.Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ филология кафедрасының доцент міндетін атқарушы, Phd доктор – Ергубекова Жанар Сапарбекқызы.
5.Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы – Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы.
6. Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі, облыстық кәсіподақ комитетінің мүшесі – Кульбаева Гульмира Абдуатовна.
Қатысушылар өздеріне деген нық сеніммен жан-жақты оқығаны мен тоқығандарын ортаға салды.
Жобаға демеушілік жасаған Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті, Болат Өтемұратов қоры, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры, «Мазмұндама» қоғамдық қоры, «Steppe and world» баспа үйлері. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді, кітапсүйер бүлдіршіндерге алдағы уақытта оқысын деген мақсатта кітап қорына да үлестерін қосты.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Кітап оқу-дамудың қайнар көзі.
Кітап оқу арқылы тіл байлығы жетілетін,сөздік қорын молайтып,шешен сөйлей алатын ұрпағымыз көп болып,алдағы уақытта бұл жобада кітапсүйер жеткіншектер саны арта түседі деп ойлаймыз.
«Кітап-ғалым,тілсіз мұғалім»екенін ескерсек, Қазақстаннның тұтқасы болар өскелең ұрпақ кітаптан іздегенін тауып,елге қызмет етеді деп сенеміз.
Кітапқұмар балаларымызға қиялдарыңыз тәтті,болашақ өмірге сапарларыңыз сәтті болсын демекпіз.