18 сәуір - Халықаралық ескерткiштер мен тарихи орындарды қорғау күнi.

«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

Басты бет > Блог >«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен
Тілдер мерекесіне орай
«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында онкүндік өтті.

Бекітілген жоспарға сай 5 қыркүйек күні Түркістан қаласы А.Байтұрсынов мектеп-лицейі базасында «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты кешке облыс педагогтері, «Қазақ тілі» қоғамының қазақ тілі пәні оқытушысы қатысып өз тілектерін білдірді.

Павлодар облысының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми-лингвистикалық мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған кафедраның қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Аблаева Акмарал Еламановна пленарлық мәжілісте өз баяндамасымен ой бөлісті.

6 қыркүйекте «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Арыс ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатыстырылды. Онда, мұғалімдер өзекті мәселерге тоқталып, қазақ тілінің мәртебесін жоғары деңгейде ұстап тұру қалыпты жағдайға айналуы керектігін айтты.

8 қыркүйек күні Сауран ауданында «Ұлтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ әліппесі» білімпаз ұрпақ үшін мирас» атты ақындар байқауы өтті. Байқауға барлық аудан педагогтері қатыстырылды.

12 қыркүйек күні Кентау қаласы 10 мектеп-гимназиясында «Сиқырлы поэзия» «Magic Poetry» атты әдеби круиз ұйымдастырылды. Круизге Кентау, Сауран аудандары және Түркістан қаласының педагогтері қатыстырылды. Педагогтер Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың еңбектеріне тоқталды. Қазақ, орыс, ағылшын ақын жазушыларының шығармаларына театрлық қойылым қойды.

Онкүндік барысында «Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі» тақырыбында сырттай эссе байқауы (қазақ, орыс, ағылшын, өзбек тілдері пәндерінің мұғалімдері), «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» тақырыбында педагогтер арасында зерделеу жоба жұмыстары (қазақ, орыс, ағылшын, тілдері пәндерінің мұғалімдері) бойынша байқаулары өтті, барлық аудандардың педагогтері қатыстырылды, жеңімпаздары анықталды.

14 қыркүйек күні «Книжное царство – мудрое государство» тақырыбында поэзия кеші Түркістан қаласының педагогтері арасында ұйымдастырылды. Онда, педагогтер қазіргі таңдағы кітаптың бала өміріндегі маңыздылығы туралы және ақын жазушылардың өлеңдерін жатқа айту форматында өтті.

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» материалдар жинағының ІІІ томы шығару үшін баспаға ұсынылды.
15 қыркүйек күні Түркістан қаласы №20 жалпы орта мектеп базасында «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбындағы онкүндікті қорытындылау іс-шарасы өтті. Онкүндікке белсене қатысқан мұғалімдер марапатталды.